Баспасөз релизі «ҚР Қаржы министрлігі Аппеляциялық комиссиясының 2018 жылғы 9 айдың жұмыс қорытындылары»

Баспасөз релизі

«ҚР Қаржы министрлігі Аппеляциялық комиссиясының 2018 жылғы            9 айдың жұмыс қорытындылары»

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жанындағы Салық және кеден дауларын сотқа дейін реттеу жөніндегі Аппеляциялық комиссия 2018 жылғы 9 айы кәсіпкерлердің 182 шағымын қарастырды, нәтижесінде 70 шағым немесе 38% толығымен немесе ішінара қанағаттандырылды. Бұл ретте 2017 жылдың 9 айымен салыстырғанда қанағаттандырылған шағымдардың үлес салмағы 28%-дан 38%-ға өсті.

Салықтық және кедендік дауларды қарау тәжірибесі 2018 жылдың 14 қыркүйегінде Алматы қаласында Қазақстан салық төлеушілер қоғамдастығымен өткізілген Дөңгелек үстелде талқыланды. Талқылауға Жаоғарғы және аймақтық Арнайы ауданаралық экномикалық соттың судьялары, сондай ақ Ұлттық экономика министрлігінің, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері қатысты.

Жарияланған күні

04 қараша 2020 00:00

Жаңарту күні

04 қараша 2020