«Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде шарттарды ресімдеу (енгізу) жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын бекіту туралы
ҚР ҚМ бұйрығының жобасы
«Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде шарттарды ресімдеу (енгізу) жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабы
1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса беріліп отырған Бас мердігер мен қосалқы мердігерлік ұйымдар арасында шарттарды ресімдеу (енгізу) жолымен «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесін дамыту бойынша пилоттық жобаны іске асыру қағидалары бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Казақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 шілдеге дейін қолданылады.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
15
23 қазан 2024 10:09
23 қазан 2024