«Ақша аударымы қызметін көрсететін пошта операторларына арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 499 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 182 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы»
|
БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ
|
|
Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
|
|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
|
|
____№____
Нұр-Сұлтан қаласы |
|
____№____
Нұр-Сұлтан қаласы |
|
«Ақша аударымы қызметін көрсететін пошта операторларына арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 499 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 182 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» |
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы
Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:
- «Ақша аударымы қызметін көрсететін пошта операторларына арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 499 және
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы
25 қарашадағы № 182 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9965 болып тіркелген, «Әділет»
ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 4 ақпанда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Ақша аударымы қызметін көрсететін пошта операторларына арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар осы бірлескен бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген
іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамассыз етеді.
- Осы бірлескен бұйрық 2020 жылдың 15 қарашасынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
14