«Көшпелі кедендік тексеру актісінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 11 шілдедегі № 436 бұйрығы
«Көшпелі кедендік тексеру актісінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 11 шілдедегі № 436 бұйрығы
Көшпелі кедендік тексеру актісінің нысанын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 418-бабы 21-тармағының 1-бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса беріліп отырған Көшпелі кедендік тексеру актісінің нысаны бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және
2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
|
М. Такиев |
79