«Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияның нысанын және оны жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 927 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2024 жылғы 29 наурызындағы №169 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы
2024 жылғы 29 наурызындағы №169 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
- «Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияның нысанын және оны жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 927 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24367 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияның нысаны (270.00-нысан);
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны (270.00-нысан) жасау қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияның нысаны (270.00-нысан);
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны (270.00-нысан) жасау қағидалары бекітілсін.»;
осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаға сәйкес 3 және 4-қосымшамен толықтырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны жасау қағидаларында (270.00-нысан):
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Декларация жыл сайын, Салық кодексінің 633-бабына сәйкес активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну бойынша міндеттеме туындаған жылдан кейінгі келесі жылдан бастап, есепті салық кезеңінің
31 желтоқсанындағы жағдай бойынша ұсынылады.
Декларация (1-қосымша) осы Қағидаларға сәйкес жасалады және 2022 жылдан бастап 2023 жыл арасына ұсынылады:
жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар және олардың жұбайлары;
мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары;
мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары;
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және «Банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының, «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Декларация табыс ету міндеті жүктелген тұлғалар табыс етеді.».
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
- осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
- осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
- осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және жеке тұлғаның 2023 жылға декларация табыс ету бойынша салықтық міндеттемелеріне байланысты, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын құқықтық қатынастарына қолданылады.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
|
М. Такиев |
322
29 наурыз 2024 20:52
29 наурыз 2024