ҚАРЫЗ АЛУ СОМАСЫ, МЕМЛЕКЕТТІК БОРЫШ ЖӘНЕ ПАЙЫЗДЫҚ ТӨЛЕМДЕР БОЙЫНША НАҚТЫ ДЕРЕКТЕР
Үкіметтік қарыз алу 2023 жылға арналған республикалық бюджет тапшылығының бекітілген мөлшері шеңберінде жүзеге асырылды.
2023 жылдың 1 жартыжылдығында МБҚ-ны шығару арқылы ішкі қарыздардың түсімі 3 548,2 млрд.теңгені құрады.
Сыртқы қарыздардың түсімдері 206,0 млрд. теңгені құрады.
2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша мемлекеттік борыш 28 542,3 млрд.теңге немесе ЖІӨ-ге 24,1% құрады (ЖІӨ кезінде 118 286,9 млрд. тг.) оның ішінде:
1) мемлекеттік борыштың жалпы көлемінде үлесі 86,3% құрайтын үкіметтік борыш 24 623,7 млрд.теңге құрады,
Үкіметтік борыштың құрамы мынадай түрде қалыптасты:
- ішкі борышы – 17 045,6 млрд. теңге (69,2%),
- сыртқы борышы – 7 578,1 млрд. теңге (30,8%);
2) дисконтталған құны бойынша ҚР Ұлттық Банкінің ішкі борышы (қысқа мерзімді ноталар) 2 842,3 млрд. теңге немесе жалпы мемлекеттік борыш көлемінің 10,0% құрады;
3) жергілікті атқарушы органдардың борыштық міндеттемелер портфелі шамамен 1 076,3 млрд. теңге немесе жалпы мемлекеттік борыш көлемінің 3,8% құрады.
Үкіметтік борыш мынадай түрде қалыптасты:
өтеу мерзімі бойынша:
- қысқа мерзімді – 632,2 млрд. теңге;
- орташа мерзімді – 3 183,2 млрд. теңге;
- ұзақ мерзімді – 20 808,3 млрд. теңге;
пайыздық мөлшерлемесі бойынша:
- белгіленген – 82%;
- инфляция индексіне индекстелген - 3%;
- өзгермелі - 15%.
Есепті кезеңде үкіметтік борышқа қызмет көрсету бойынша төлемдер 1 054,2 млрд. теңге құрады.
765
03 тамыз 2023 10:50
03 тамыз 2023