Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің
күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің осы қаулысына қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы « » _____ № ___ қаулысына қосымша
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1177 қаулысы «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі, сондай-ақ мұнай өнiмдерiнiң өндірісі мен мұнай өнiмдерi айналымы саласында есептеуіш бақылау аспаптары деректерінің операторын айқындау туралы».
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 623 қаулысы «Темекі өнімдерін, қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, электрондық сигареттерде пайдалануға арналған құрамында никотині бар сұйықтықты таңбалау таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі, сәйкестендіру құралдары құнының шекті мөлшерін айқындау туралы».
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 187 қаулысы «Арақтарға және айрықша арақтарға, тауардың шығарылған жерінің атауы қорғалған арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына, коньяк пен брендиге арналған ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы».
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 25 наурыздағы № 161 қаулысы «Арақтарға және айрықша арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына арналған ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 187 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
45
13 маусым 2023 19:35
13 маусым 2023