Тауарларды жою нәтижесінде пайда болған қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалануға жарамсыз деп тану қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 332-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса беріліп отырған Тауарларды жою нәтижесінде пайда болған қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалануға жарамсыз деп тану қағидалары бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Лауазымы Аты-жөні
46
06 маусым 2023 10:27
06 маусым 2023