2023 жылға бюджеттік алып қоюларды аударудың ай сайынғы мөлшерлерін бекіту туралы (12.12.2022 ж. №1268)
2023 жылға бюджеттік алып қоюларды аударудың ай сайынғы мөлшерлерін бекіту туралы (12.12.2022 ж. №1268)
2023 жылға бюджеттік алып
қоюларды аударудың ай сайынғы
мөлшерлерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларының 158-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса беріліп отырған 2023 жылға бюджеттiк алып қоюларды аударудың ай сайынғы мөлшерлерi бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық және кеден заңнамасы департаменті осы бұйрықты Атырау облысы, Астана және Алматы қалаларының Қаржы басқармаларының назарына жеткізсін.
- Осы бұйрық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді және 2023 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда қолданыста болады.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қаржы министрі Е. Жамаубаев
2
Жарияланған күні
13 желтоқсан 2022 14:51
Жаңарту күні
13 желтоқсан 2022
Түрі
Бағыттар