«Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 5 ақпандағы № 82 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

«Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы                  5 ақпандағы № 82 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 5 ақпандағы № 82 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссияның құрамындағы:

«Комиссия Төрағасы – салықтардың, кеден және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету мәселелеріне жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Комиссия Төрағасы – салықтардың, кеден және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету мәселелеріне жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының бірінші қаржы вице-министрі».

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Апелляция департаменті (Н.Ө. Рахымғалиев) осы бұйрықты мүдделі адамдардың назарына жеткізсін.

3.Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді

Министр                                                                                Е.Жамаубаев

Жарияланған күні

03 ақпан 2022 08:04

Жаңарту күні

03 ақпан 2022

Түрі