Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия құрамын бекіту туралы
|
Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия құрамын бекіту туралы
|
БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса беріліп отырған Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссияның құрамы бекітілсін.
- «Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы №22 бұйрығының күші жойылсын.
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Апелляция департаменті (Н.Ө. Рахымғалиев) осы бұйрықты мүдделі адамдардың назарына жеткізсін.
- Осы бұйрық 2021 жылдың 1 наурызынан бастап күшіне енеді.
Министр Е. Жамаубаев
|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 05 ақпандағы №82 бұйрығымен бекітілген |
Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымдарды қарау
бойынша апелляциялық комиссияның құрамы
|
Комиссия Төрағасы – салықтардың, кеден және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету мәселелеріне жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі; |
|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құқықтық қамтамасыз ету саласында қызметін жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің басшысы; |
|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің салық және кеден заңнамасы саласында қызметін жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің басшысы; |
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің салық саясаты және кеден ісі саласындағы саясат шеңберінде қызметін жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің басшысы (келісім бойынша); |
|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары; |
|
Басқарушы директор – «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы салық салу саласындағы қызметті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің директоры (келісім бойынша); Басқарушы директор – «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кедендік әкімшілік ету саласындағы қызметті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің директоры (келісім бойынша). |
41
10 ақпан 2021 00:00
10 ақпан 2021