«Салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тексерудің алдын ала актісін табыс ету, салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық ұсыну, сондай-ақ осындай қарсылықты қарау қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 қазандағы № 627 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
ҚР ҚМ 2026 жылғы 5 қарашадағы № 750
«Салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тексерудің алдын ала актісін табыс ету, салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық ұсыну, сондай-ақ осындай қарсылықты қарау қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 қазандағы № 627 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тексерудің алдын ала актісін табыс ету, салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық ұсыну, сондай-ақ осындай қарсылықты қарау қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 қазандағы № 627 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37249 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бектітілген Салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тексерудің алдын ала актісін табыс ету, салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық ұсыну, сондай-ақ осындай қарсылықты қарау қағидалары мен мерзімдерінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидалардың ережелері:
1) Салық кодексінің 156-бабы 2-тармағының 21) тармақшасына сәйкес, оның ішінде қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының асып кету сомаларының дұрыстығын растау мәселесі бойынша және Салық кодексінің
156-бабы 5-тармағында көрсетілген негіздерде салық төлеушіге қатысты жүргізілетін;
2) қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттың ережелерін қолдануға байланысты, сондай-ақ бейрезиденттің осындай салықтық өтінішті қайта қарау туралы жүгінуіне байланысты бейрезиденттің бюджеттен табыс салығын қайтару мәселесі бойынша салық өтінішінің негізінде тақырыптық тексерулерді қоспағанда, салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, сондай-ақ әлеуметтік төлемдердің сомаларын есептеуге, шығындарды азайтуға әкеп соқтыратын салықтық тексерулерге қолданылады.»;
7-тармақта:
2) тармақшаның екінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл тәсіл Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексіне сәйкес электрондық тәсілмен мемлекеттік кірістер органымен өзара іс-қимылда болатын салық төлеушіге (салық агентіне) қолданылады.».
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және
2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
|
М. Такиев |
22
16 қараша 2026 12:14
16 қараша 2026