Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит пен бағалау әдіснамасы департаменті туралы ереже

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің 2026 жылғы

09.02. №89 бұйрығына

12- қосымша

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

Бухгалтерлік есеп, аудит пен бағалау әдіснамасы департаменті туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп есеп, аудит пен бағалау әдіснамасы департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Департаменттің құрылымын және штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен штат санының лимиті шегінде Министрліктің уәкілетті лауазымды адамы бекітеді.

4. Құрылымдық бөлімше:

1) Бухгалтерлік есеп әдіснамасы басқармасы;

2) Нақты сектор аудиті әдіснамасы басқармасы;

3) Ішкі мемлекеттік аудит әдіснамасы басқармасы;

4) Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепжәне қаржылық есептілік әдіснамасы басқармасы;

5) Бағалау қызметінің әдіснамасы басқармасынан тұрады.

2-тарау. Департаменттің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері, функциялары

5. Мақсаттары:

1) бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік, аудит, бағалау қызметі, ішкі мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау саласында әдістемелік басшылық;

2) бухгалтерлік есеп, нақты сектордың аудиті, бағалау қызметі, ішкі мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау, мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігі мәселелері бойынша Министрліктің қызметін реттеу.

6. Құқықтары мен міндеттері:

1) Департаментке жүктелген міндеттер мен функцияларға сәйкес Министрліктің нормативтік-құқықтық актілер мен басқа да құжаттарын әзірлеу үшін Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволарының мамандарын тарту;

2) Қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметкерлердің біліктілігін арттырудан өтуіне ықпал жасауды іске асырады;

3) Департамент құзыретіне енгізілген мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшылығының тапсырмаларын орындау үшін қажетті ақпараттарды және Департаментке жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыруға қажетті басқа да материалдарды Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен сұратуға және алуға;

4) Департамент құзыретіне енгізілген мәселелер бойынша қолданыстағы заңнамаларға, ережелерге, нұсқаулықтарға, нұсқамаларға және Министрлік бұйрықтарына олардың қолдану бойынша түсініктеме беруге;

5) Департамент құзыретіне енгізілген мәселелер бойынша Министрлікті басқар құрылымдық бөлімшелерімен жиналыстар шақыруға және өткізуге;

6) Департамент құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қабылдауды қамтамасызету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

7) Департамент құзыретіне енгізілген мәселер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін және шағымдарын қарауға;

8) Департаментке жүктелген міндеттер мен функцияларды уақытында және сапалы орындауға;

9) Министрлік Регламенті мен құжаттандыру және құжаттарды басқару Ережесінің нормаларының бұзылуына жол бермеуге;

10) Департамент міндеттерін орындауды ұйымдастыру бойынша Министрлік басшылығына ұсыныстар енгізу;

11) Министрліктің құзыреті шегінде Департаментке жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыру үшін өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

7. Функциялары:

1) бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік, нақты сектордың аудиті, бағалау қызметі, ішкі мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау саласында салааралық үйлестіру және әдістемелік басшылық;

2) бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік және нақты сектордың аудиті саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте қабылдауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, соның ішінде:

бухгалтерлік есепті жүргізу тәртібін қабылдауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты әзірлеу және ұйымдастыру;

қаржылық есептіліктің ұлттық стандартын қабылдауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты әзірлеу және ұйымдастыру;

бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын қабылдауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты әзірлеу және ұйымдастыру;

жария мүдделі ұйымдардың (қаржы ұйымдарынан басқа) жариялауы үшін жылдық қаржылық есептіліктің тізбесі мен нысандарын қабылдауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты әзірлеу және ұйымдастыру;

жария мүдделі ұйымдардың қаржылық есептілікті депозитарийге тапсыру тәртібін әзірлеу және ұйымдастыру депозитарийге бекітеді;

бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын, бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды, кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу тәртібін қабылдауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты әзірлеу және ұйымдастыру;

кәсіби бухгалтерлерге қойылатын біліктілік талаптарын қабылдауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты әзірлеу және ұйымдастыру;

бастапқы есепке алу құжаттарының нысандарын қабылдауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты әзірлеу және ұйымдастыру;

бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарының, бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдардың есеп беру тізбесін, нысандарын және кезеңділігін қабылдауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты әзірлеу және ұйымдастыру,

кәсіби бухгалтерлердің біліктілігін арттыру қағидаларын қабылдауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты әзірлеу және ұйымдастыру;

кәсіби бухгалтерлікке кандидаттарды сертификаттауды жүргізу қағидаларын қабылдауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты әзірлеу және ұйымдастыру;

бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

салалық мемлекеттік органдар кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіптер сыныптауышының, салалық біліктілік шеңберлерінің негізінде кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) жаңарту;

Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұсынымдық сипаттағы қорытындысын ескере отырып, кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңеспен және кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша кәсіптік стандарттарды бекіту;

кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен салалық біліктілік шеңберін әзірлеу және (немесе) жаңарту;»;

міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға ең аз талаптарын әзірлеу және қабылдауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, ал қаржы ұйымдарын міндетті аудиттеуге қатысты қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның келісімі бойынша;

аудиторға үміткерді аттестаттау жүргізу тәртібін әзірлеу және қабылдауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

аудиторға үміткерді аттестаттау бойынша Біліктілік комиссиясын қалыптастыру және қызметін жүзеге асыру ережесін әзірлеу және қабылдауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

аудиторлық және кәсіби ұйымдар тізілімдерінің нысандарын әзірлеу және қабылдауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

аудиторлардың біліктілігін арттыру қағидаларын, аудиторлардың біліктілігін арттыру жөніндегі курстардан өткені туралы сертификатты алу тәртібі мен нысанын әзірлеу және қабылдауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

аудиторлық ұйымдарға сапаны сыртқы бақылау жүргізудің үлгілік қағидаларын, оның ішінде аудиторлық және кәсіби ұйымдарды тексеру өлшемшарттарын әзірлеу және қабылдауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

«Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету Қағидасын әзірлеу және қабылдауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

аудиторлық кәсіби ұйымды, бухгалтерлердiң кәсiби ұйымын, бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәліктердің нысандарын әзірлеу және қабылдауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру ;

аудиторлық қызметті лицензиялау кезіндегі бiлiктiлiк талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін қабылдауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

аудиторлық қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

департамент құзыреті шегінде емтихан модульдерін келісу;

3) ішкі мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте қабылдауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, соның ішінде:

мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылаудың процедуралық стандарт тарын Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасымен бірлесе отырып әзірлеу және қабылдауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасымен келісу бойынша ішкі мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылаудың процедуралық стандарттарын әзірлеу қабылдауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасы әзiрлейтін және бекiтетін бұзушылықтар сыныптауышын келісу;

Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасымен келісу бойынша ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын әзірлеу және қабылдауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

камералдық бақылау жүргізу қағидаларын әзірлеу және қабылдауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тізбесін қалыптастыру және ішкі мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылауды жүргізу кезінде қолданылатын тәуекелдерді басқарудың үлгілік жүйесін әзірлеу және қабылдауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

ішкі аудит қызметі туралы үлгілік ережені әзірлеу және қабылдауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының орналасуүшін мемлекеттік аудитор біліктілігін куәландыратын сертификаттың болуы қажет лауазымдарының тізбесін әзірлеу жәнеқабылдауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

ішкі мемлекеттік аудиттің электронды қағидаларын әзірлеу және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте қабылдауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру қағидаларын әзірлеу және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте қабылдауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

мемлекеттік аудиторлардың кәсіби этика қағидаларын Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасымен бірлесе отырып әзірлеу және қабылдауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік аудит объектілерінің бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған кодтары мен шоттары, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектісінің банк шоттары (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің нысанын әзірлеу және қабылдауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасымен бірлесіп, мақсаттарға қол жеткізу блогы бойынша операциялық бағалау әдістемесін әзірлеуге қатысу және қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасыәзiрлейтін және бекiтетін мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларын келісу.

4) мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілік саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, соның ішінде:

мемлекеттік мекемелер үшін есепке алу саясатын әзірлеу және қабылдауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын әзірлеу және қабылдауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу тәртібін әзірлеу және қабылдауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

мемлекеттік мекемелермен қаржылық есептілік нысандарын, кезеңділігін және оларды жасау мен ұсыну тәртібін қабылдауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау тәртібін әзірлеу және қабылдауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу тәртібін әзірлеу және қабылдауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарын әзірлеу және қабылдауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және республикалық бюджетті, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетін, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бухгалтерлік есепті жүргізуге және қаржылық есептілікті жасауға уәкілеттік берілген лауазымды адамдарын сертификаттау сертификаттау тәртібін әзірлеу және қабылдауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері квазимемлекеттік сектордың ведомстволық бағынысты субъектілерінің қаржылық есептілігінің деректерімен жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау әзірлеу және қабылдауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің нұсқауларын олардың қызметінің ерекшелiгiн және мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есептi жүргiзудің белгiленген тәртiбiн сақтауын ескере отырып мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есеп бойынша жалпы ережелердiң қолданылу тәртібін келiсу;

5) бағалау қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, соның ішінде:

бағалау стандарттарын және бағалау қызметі саласындағы басқа да нормативтік-құқықтықактілерді әзірлеу және қабылдауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

бағалау туралы есептілік нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды әзірлеу және қабылдауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

бағалау туралы есептілікке сараптама жүргізу ережесін, сараптамалық қорытындыға қойылатын талаптар мен оны тәртібін әзірлеу және қабылдауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

бағалаушы, сарапшыға үміткерлердің біліктілігін растау үшін біліктілік емтихан жүргізу тәртібін әзірлеу және қабылдауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

бағалау қызметі саласындағы оқытудың, кәсіптік қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасын және сағаттар көлемін әзірлеу және қабылдауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

бағалаушылардың іскерлік және кәсіптік әдебінің үлгілік кодексін және өз мүшелерінің «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, бағалаушылар палатасының стандарттары мен қағидаларының талаптарын бұзуына қатысты жүгінімдерді бағалаушылар палатасының қарауы кезінде қойылатын талаптарды әзірлеу және қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

бағалаушылар палатасы мүшелері, сарапшылық кеңес мүшелері тізілімдерінің нысандарын және оларды жүргізу тәртібін әзірлеу және қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

бағалаушылар палатасы және оның мүшелерінің қызметі туралы ақпарат ұсыну нысанын әзірлеу және қабылдауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

бағалаушылар палаталарына қатысты бағалау қызметі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын әзірлеу және қабылдауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру

бағалаушылар палаталарының қағидалары мен стандарттарын келісу;

бағалаушылар палатасының бағалаушылар мен сарапшыларға біліктілік емтихан жүргізу үшін тестілеу тапсырмаларын келісу;

бағалау қызметі саласындағы реттеушілік әсерге талдау жасау;

6) Консультативті органның жұмысын әзірлеу;

7) ҚЕХС, ҚСҚЕХС, АХС және бухгалтерлердің әдеп Кодексті мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріне аударуды және жариялауды қамтамасыз ету;

8) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, прокуратура органының тиісті талабы немесе сұрау салуы, сотқа дейінгі басталған тергеп-тексеру шеңберінде шығарылған қаулы, сондай-ақ соттың ұйғарымы бойынша тексеруге қатысу және қорытынды беру үшін аудиторлық ұйымдардың (аудиторлардың) тізбесін айқындау;

9) кәсіби кеңес басқармасының құрамына өкіл жіберуді ұйымдастыру және кәсіби кеңестің Басқарма төрағасының қарауы үшін материалдар дайындауды ұйымдастыруға;

10) құрамына Министрлік басшылығы кіретін, директорлар кеңесіне бекітуге ұсынылған қаржылық есептілікті қарастыру;

11) Министрлік басшылығының тапсырмасы бойынша бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік, аудиторлық, бағалау қызметі мәселелері бойынша тексерулерде, сот талқылауларында тартылған сарапшылар ретінде қатысу;

12) министрліктің даму жоспарын әзірлеуге қатысу;

13) бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік, аудиторлық қызмет, бағалау қызметі, ішкі мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау мәселелері бойынша басқа мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдармен, бухгалтерлердiң кәсiби ұйымдарымен, кәсіби аудиторлық ұйымдармен, бағалаушылар палаталарменжәне өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

14) мемлекеттік органдардан келісуге келіп түсетін нормативтік құқықтық актілер жобаларын құзыреті шегінде қарастыру;

15) жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, ұсыныстарын, өтініштері мен шағымдарын құзыреті шегінде қарастыру;

16) министрліктің басшылығына Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұйымдастырылатын конференцияларға, форумдарға, семинарларға,баяндамаларды және материалдарды дайындау;

17) министрліктің бекітілген медиа-жоспарына сәйкес бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік, аудиторлық қызмет, бағалау қызметі, ішкі мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау әдіснамасы жөнінде мақалалар дайындау;

18) ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, аудиторлық қызмет, бағалау қызметі саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;

19) бухгалтерлік және қаржылық есептілік, есепке алу, аудиторлық қызмет, ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, бағалау қызметі саласындағы салааралық үйлестіру және әдіснамалық басшылық жасау;

20) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;

21) Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастық;

22) Департамент құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасынмен белгіленген тәртіпте құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

23) Департамент құзыреті шегінде экономика саласындағы келеңсіз процестердің алдын алу және оларды жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыну;

24) құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Ұлттық жобаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

25) Департамент құзыреті шегінде гендерлік саясатты іске асыруға қатысу;

26) Департамент құзыреті шегінде әкімшінің уәкілетті органмен және өзге де тұлғалармен электрондық тәсілмен өзара іс-қимылын жүзеге асыру тәртібін айқындау;

27) Министрлік құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісу және олар бойынша қорытынды ұсыну;

28) Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 18-тармағының талаптарын сақтай отырып, БАҚ мен интернет-ресурстарда Мемлекет басшысының тапсырмаларын ақпараттық сүйемелдеу бойынша ақпараттық-түсіндіру материалдарын әзірлеуді қамтамасыз етеді;

29) жұмылдыру жарияланған кезде құрылымдық бөлімшелерді әскери жағдай режиміне көшіру жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізуге, Министрліктіңжұмылдыру жоспарын әзірлеуге, сонымен қатар әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқуларын өткізуге қатысу;

30) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүктелген басқа да функцияларды іске асыру.

3-тарау. Департаменттің қызметін ұйымдастыру

8. Департаменттің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өз міндеттерін іске асыру үшін қажетті құқықтары мен міндеттері болады.

9. Департаментті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын Департамент директоры басқарады.

10. Заңнамада белгіленген жағдайларда Департамент директорының орынбасары (-лары) болады.

11. Департамент директоры Департамент қызметін жалпы басқаруды жүзеге асырады, оған жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

12. Департамент директоры бағынысты мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, Департаментте еңбек, қызметтік және атқарушылық тәртіптің орындалуы бойынша жұмыстарды жүргізеді.

13. Департамент директоры Министрліктің аппарат басшысынаДепартаменттің құрылымы мен штат саны жөнінде ұсыныстар береді.

14. Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департамент атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Департамент директоры, ал ол болмаған жағдайда – оны алмастыратын адам қол қояды.

_____________________

Жарияланған күні

09 қараша 2026 15:21

Жаңарту күні

09 қараша 2026

Түрі