Артқа

Өтелбаева Шолпан Әнуарбекқызы

«Қаржы орталығы» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы

Жалпы ақпарат, білімі

1977 жылы 1 қыркүйекте дүниеге келген.

Білімі жоғары.

1999 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.

2002 жылы Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

 ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы.

Мансап

1999-2001 жылдары Жамбыл облыстық әскери комиссариаты құпия бөлімінің құпия хат-

хабарларындағы іс жүргізуші.

2001-2002 жылдары Оңтүстік әскери округі қолбасшысы басқармасының жеке күзет және

техникалық қызмет көрсету ротасының электронды есептеуіш машиналарының операторы, 03858 ә/б / (әскери атағы: кіші сержант).

2002-2004 г жылдары   Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу,

бәсекелестікті қорғау және шағын кәсіпкерлікті қолдау агенттігінің Заңнама және тұрғын үй-коммуналдық қатынастарды реттеу департаментінің құқықтық қамтамасыз ету басқармасының құқықтық сараптама бөлімінің бас маманы.

2004-2005 жылдары Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің

Заң департаменті Табиғи және мемлекеттік монополиялар туралы заңнаманың сақталуын бақылау басқармасының бастығы

2008-2009 жылдары Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің

Бақылау және сот ісін жүргізу департаментінің Бақылау, әкімшілік практика және сот ісін жүргізу бөлімінің бастығы.

2009-2010 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Заң департаменті

Нормативтік құқықтық актілердің мониторингі басқармасының бастығы.

2010-2010 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бюджеттік жоспарлау  департаменті инвестициялық жобалар басқармасының бастығы.

2010-2017 жылдары «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрағасының орынбасары.

2017-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Қаржы

орталығы» АҚ вице-президенті.

2021-2021 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық

ғылыми практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМК вице-президенті

2022-2024 жылдары «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Президенті

2025 жылғы шілдеден бастап «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы.