Артқа

Ахметов Олжас Қалымтайұлы

ҚР ҚМ Бюджеттік процесс әдіснамасы департаменті директорының орынбасары

Жалпы ақпарат, білімі

1986 жылы Ақмола облысында дүниеге келген, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін бітірген.

Мансап

2008 - 2009 жж. – Ақмола облысы бойынша Салық департаменті Аудит басқармасының бас маманы;

2009 - 2010 жж. – Көкшетау қаласы бойынша Салық басқармасының Өндірістік емес төлемдерді басқару бөлімінің бас маманы;

2010 - 2011 жж. – Көкшетау қаласындағы  «Натур Продукт» ЖШС бухгалтері болып жұмыс істеді;

2013 - 2017 жж. –  ҚР Статистика агенттігі Қызмет көрсету департаментінің сарапшысы, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Қызмет көрсету статистикасы басқармасының бас сарапшысы;

2017 - 2019 жж. – ҚР Қаржы министрлігі Өнеркәсіп, көлік және коммуникация бюджеті департаменті;

2019 - 2024 жж. – ҚР Қаржы министрінің көмекшісі;

2024 жылғы ақпан айынан бастап – ҚР Қаржы министрлігі Бюджеттік процесс әдіснамасы департаменті директорының орынбасары.