«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы №198 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы жобаға баспасөз хабарламасы

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы», «Халықтың көші-қоны туралы» заңдарға түзетулер енгізілді.

Тиісті жоба халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіруге бағытталған.

Жобада мемлекеттік тілді қарапайым деңгейде білмеген жағдайда, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін, сондай-ақ Қазақстан тарихын ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындайтын көлемде білмеген жағдайда Қазақстан азаматтығына қабылдау және қалпына келтіруден бас тартудың жаңа негіздері қарастырылған.

Азаматтықты қабылдауға немесе қалпына келтіруге өтініш білдірген адамдардың білім көлемі мен деңгейін ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындайтын болады.

Мемлекеттік тілді білуге арналған тесттерді, Қазақстан Конституциясы мен тарихының негіздерін ғылым және жоғары білім министрлігі бекітеді және олардың нәтижелері бойынша сертификат берілетін болады.

 

Көші-қон қызметі комитеті