Қазақстан Республикасы азаматтығын алу тәртібі туралы

 Ішкі істер министрлігінің функцияларының бірі жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдауды жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері жөніндегі өтініштерді қарау және оларды ҚР Президентінің қарауына жіберу болып табылады.

 2021 жылғы 9 айда жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан азаматтығына барлығы -15807 адам қабылдады, оның ішінде 13510 адам шетелден келген этникалық қазақтар (85,5%).

 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша 963 адам қабылданды. Этникалық қазақтардың қазақстандық азаматтықты қабылдау тәртібін жеңілдету үшін дәйекті шаралар қабылдануда.

Жарияланған күні

10 қараша 2021

Жаңарту күні

10 қараша 2021

Қызмет бағыты