Көші-қон ахуалы

Ағымдағы жылдың 5 айында Қазақстан Республикасының азаматтығына барлығы – 10 980 адам қабылданды, барлығы жеңілдетілген тәртіппен (2019 жылы  – 20216), оның ішінде 9 755 оралман (2019 жылы – 17 696) қабылданды.

- 427 адам Қазақстанның азаматтығына Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы Келісімнің негізінде қабылданды (2019 жылы – 804);

- 798 адам Тұрмыстағы әйелдің азаматтығы туралы конвенцияға сәйкес (2019 жылы  – 1 716) қабылданды.

Қазақстан азаматтығына қабылданғандардың ең көп санын Қытай Халық Республикасынан – 3 867, Өзбекстаннан – 5 017, Қырғызстан Республикасынан – 416, Түрікменстаннан – 494 келген этникалық қазақтар құрайды.

Жарияланған күні

11 маусым 2020

Жаңарту күні

11 маусым 2020