Инвестициялық преференциялар басқармасының екінші хатшысы С-4 санаты (1 б.)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
  • Өнер және гуманитарлық ғылымдар (білім беру саласы)
  • Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (білім беру саласы)
  • Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)

Функционалды міндеттер

Басқарманың құзыреті шеңберінде ақпараттық, талдамалық және басқа да қажетті материалдарды дайындау; Басқарманың құзыреті шегінде бағдарламаларды, іс-шаралар жоспарын және басқа да құжаттарды әзірлеу және әзірлеуге қатысу; инвестициялық келісім шарттар бойынша міндеттемелердің орындалуы мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары; инвестициялық келісімшарттар бойынша міндеттемелердің орындалуын бақылауды қамтамасыз ету: инвестициялық келісім шарттар бойынша міндеттемелердің орындалуы бойынша инвесторлармен ұсынылған есеп материалдарын тексеру;   Қазақстан Республикасының инвестициялық заңнамасымен көзделген инвестициялық келісімшарттар қолданысының мерзімі аяқталуы бойынша және бақылау нәтижелері бойынша шаралар қабылдау; Қазақстан Республикасының инвестициялық заңнамасымен көзделген инвестициялық келісімшарттардың қолдану мерзімінің өтуі бойынша және бақылау нәтижелері бойынша шараларды қабылдау; Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес инвестициялық қызмет объектілеріне барып, тексерудің нәтижелері негізінде инвестициялық келісімшартқа өзгертулер және/немесе толықтыруларды енгізу үшін шарт жобасын дайындау; инвестициялық келісімшарттарды және инвестициялық келісімшартқа енгізілген өзгертулер және/немесе толықтырулар туралы шарттарды сақтау; инвестициялық қызмет объектілеріне тексеру жүргізуді тіркеу туралы журнал жүргізу және сақтау; инвестиция мәселелері бойынша инвесторлармен, мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара әрекеттесу; инвестициялық келісімшарттар бойынша міндеттемелерінің орындалуы мәселелері бойынша  сотта және өзге мемлекеттік органдарда  Комитет мүдделеріне өкілдік ету; инвестиция саласындағы заңнамаларды жетілдіру  бойынша ұсынымдар әзірлеу; инвестицияларды мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу; инвестицияны мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді келісу; Комитет, басқарма басшылығы жүктеген өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асыру.

Жарияланған күні: 03.03.2020

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

05.03.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

    Құжаттарды жіберу

    Сұхбаттасу күні

    06.03.2020

    Сұхбаттасу орны

    г.Нур-Султан, ул Конаева 31, 506 каб

    Анықтама алу үшін байланыс

    Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 31-үй, анықтама үшін телефон: (8-7172) 72-02-97, факс: 72-04-05, электрондық пошта: k.kayupov@mfa.gov.kz