ҚР СІМ Қамтамасыз ету және құжат айналымы департаменті Бақылау және құжат айналымы басқармасының сарапшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-5

Орташа лауазымдық айлықақы

104058 - 140691

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
  • Өнер және гуманитарлық ғылымдар (білім беру саласы)
  • Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (білім беру саласы)
  • Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)

Қосымша талаптар

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.

Міндетті түрде мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеру, мүмкіндігінше шетел тілдерін меңгеру.

Функционалды міндеттер

Ақпаратты электронды поштамен хатты уақтылы және сапалы қабылдау мен жіберуді қамтамасыз ету; ҚР СІМ іс қағаздарын жүргізу туралы есептік материалдарды дайындау; кіріс корреспонденцияны өңдеу және тіркеуді ұйымдастыру. Шет елдегі мекемелердің электонды мекен-жайларының тізімін құрастыруға қатысу; Президент Әкімшілігі, Үкімет және Парламенттегі кіріс және шығыс корреспонденцияны тіркеу; ақпарат аңдатпасын және оны компьютерге  енгізуді жүзеге асыру; СІМ Алматыдағы Өкілдігіне  және ҚР шет елдердегі мекемелеріне жіберуге құжаттардың тізілімдері мен тізімдемелерін рәсімдеу; құжаттарды шапшаң түрде санын арттыруды  қамтамасыз ету.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 02.11.2020

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

03.11.2020 – 11.11.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

16.11.2020

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 31 ғимарат.

Анықтама алу үшін байланыс

(8-7172) 72-08-08