ҚР СІМ Адам ресурстары департаменті Шетелдік аппарат және халықаралық ұйымдар басқармасының референті
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Астана қаласы
104058 - 140691
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
- Өнер және гуманитарлық ғылымдар (білім беру саласы)
- Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (білім беру саласы)
- Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (білім беру саласы)
Қосымша талаптар
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.
Міндетті түрде мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеру, мүмкіндігінше шетел тілдерін меңгеру.
Функционалды міндеттер
ҚР-дың шет елдердегі өкілдіктері қызметкерлерін тағайындау және босату туралы құжаттар мен бұйрықтарды әзірлеу; ҚР-дың шет елдердегі мекемелері үшін СІМ жоспарланған кадр резервіне материалдар әзірлеу жұмыстарын жүзеге асыру; жеке іс парағын ресімдеу үшін материалдар әзірлеу; ҚР-дың шет елдердегі мекемелеріне ұзақ мерзімді іссапарға шығатын қызметкерді арнайы тексеруден өткізу; ҚР-дың шет елдердегі өкілдіктеріне белгіленген тәртіпте құжаттарды, анықтамалық және басқа да материалдарды жіберу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 16.11.2020
- Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 31 ғимарат.
-
(8-7172) 72-08-08