ҚР СІМ Таяу, Орта Шығыс және Африка департаменті Көпжақты ынтымақтастық басқармасының референті
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Астана қаласы
104058 - 140691
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
- Өнер және гуманитарлық ғылымдар (білім беру саласы)
- Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (білім беру саласы)
- Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (білім беру саласы)
Қосымша талаптар
Міндетті түрде мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеру, мүмкіндігінше шетел тілдерін меңгеру.
Функционалды міндеттер
Қазақстанның Оңтүстік және Орта Шығыс Азия елдерімен екіжақты ынтымақтастық мәселелері; өз бағыты бойынша ҚР СІМ, министрліктері мен мекемелерінің сыртқы саяси іс-шараларына қатысу; жетекшілік ететін аймақтағы елдердегі ішкі саяси және экономикалық жағдайды қадағалау мен оған талдау жасау; ақпараттық, сараптамалық және анықтамалық материалдарды әзірлеу; ҚР ресми делегацияларын шетелге іс-сапарға жіберу туралы бұйрықтарды әзірлеу; СІМ басшылығының сұхбат тезистеріне ұсыныс беру және сұхбат жазбасын жасау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 02.10.2020
- Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 31 ғимарат.
-
тел. (8-7172) 72-08-08