Шетелдіктер асырап алған балаларды есепке алу
Көру саны:265
♦ Шетелдіктер асырап алған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде есепке қою олар Қазақстан Республикасы аумағынан тысқары кеткенге дейiн Министрлікте жүзеге асырылады.
1) балаларды есепке қою туралы өтiнiш (екі дана);
2) балаларды есепке алудың жеке карточкасы (екі дана);
3) шетелдіктердің асырауына берілген балаға – Қазақстан Республикасының азаматына берілген Қазақстан Республикасының азаматы паспортының түпнұсқасы;
4) Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары берген Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге баланың тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу туралы шешім (салыстырып-тексеру үшін);
5) баланы асырап алушылардың жеке басын куәландыратын құжаттары (жеке басын сәйкестендіру және салыстырып-тексеру үшін);
6) баланың 3,5 х 4,5 сантиметр көлеміндегі түрлі-түсті екі фотосуретi;
7) баланың туу туралы куәлiгi (салыстырып-тексеру үшін);
8) шетелдіктердің баланы асырап алуы туралы өтінішін қанағаттандыру туралы сотпен куәландырылған сот шешімі (салыстырып-тексеру үшін).
♦ 5 жұмыс күні
♦ Тегін
♦ Кеңес алу үшін келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуыңызды сұраймыз:
72-04-88
72-00-63
72-05-58
♦ Дүйсенбi, сейсенбi, сәрсенбi, cейсенбі, жұма
9:00-ден 13:00-ге дейін – құжаттарды қабылдау
15:00-дан 18:00-ге дейін – құжаттарды беру
Түскі ас уақыты 13:00-15:00
12 наурыз 2020
12 мамыр 2026