Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасы арасындағы қатынастар

Қазақ-армян қатынастары

Негізгі күндер

27 тамыз 1992 ж. - дипломатиялық қатынастар орнатылды.

қазан 1992 ж. - АР Елшілігі ҚР ашылды.

1 наурыз 2007 ж. - ҚР Елшілігі АР ашылды.

2021 ж. 12 ақпаннан бастап - ҚР АР Елшісі Б.Б.Иманбаев.

Саяси диалог

Қазақстан мен Армения арасында барлық деңгейде сенімді диалог сақталуда. Екіжақты және көпжақты қатынастарды одан әрі дамытуға және нығайтуға деген ұмтылыс жоғары деңгейдегі өзара сапарлармен айқындалады:

Армения Республикасының Премьер-Министрі Н.Пашинянның 2019 жылғы 29 мамырдағы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мерейтойлық отырысына қатысу үшін Қазақстан Республикасына жұмыс сапары. Сапар шеңберінде ҚР Президенті Қ. Тоқаевпен екіжақты кездесу өтті;

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2019 жылғы 31 қыркүйек - 1 қазандағы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысу үшін Армения Республикасына жұмыс сапары. Сапар шеңберінде АР Премьер-Министрі Н.Пашинянмен екіжақты кездесу өтті;

АР Президенті А.Саркисянның 2021 жылғы 3-5 маусымда Қазақстанға жұмыс сапары. Оның барысында ҚР Президенті Қ.Тоқаевпен екіжақты кездесу өтті;

АР Премьер-Министрі Н.Пашинянның ЕҮАК отырысына қатысу үшін 2022 жылғы 24-25 ақпанда Қазақстан Республикасына жұмыс сапары. Оның барысында ҚР Президенті Қ.Тоқаевпен екіжақты келіссөздер өтті;

АР Премьер-Министрі Н.Пашинянның ТМД МБК отырысына қатысу үшін 2022 жылғы 14 қазанда Астанаға жұмыс сапары;

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың ҰҚШҰ ҰҚК сессиясына қатысу үшін 2023 жылғы 23 қарашада Ереванға жұмыс сапары.

Жоғары деңгейдегі байланыстар

Тұрақты негізде ЕАЭО, ТМД сондай-ақ түрлі және көпжақты форумдар мен іс-шаралар шеңберінде Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасының Премьер-министрлері арасында жұмыс сапарлары мен екіжақты кездесулер өткізіледі.

Парламенттік дипломатия

Екі елдің парламентаралық өзара іс-қимылы дәстүрлі жоғары деңгейде және сенімді негізге, Қазақстан-Армения парламенттік достық топтары форматында да, халықаралық парламенттік ұйымдардың алаңдарында да ұстанымдар мен бастамаларды өзара қолдауға негізделеді.

Инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастық

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылы екіжақты тауар айналымы $41,6 млн құрады (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 119% ұлғайды), қазақстандық экспорт – $26,9 млн, импорт – $14,7 млн.

ҚР Статистикалық комитетінің деректері бойынша 2022 жылы екіжақты тауар айналымы $45,3 млн, қазақстандық экспорт – $26,9 млн, импорт – $18,4 млн құрады.

ҚР Ұлттық банкінің мәліметінше, өткен үш жылдық кезеңде (2020-2022 жж.) Қазақстанға тікелей армян инвестициялары $11 млн. асты.

Еуразиялық интеграция шеңберінде Қазақстан мен Арменияның сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығының үлкен әлеуеті мен өсу перспективалары бар. Армяния- Иран шекарасын ескере отырып, ЕАЭО-Иран еркін сауда аймағы болашақтағы бағыт болуы мүмкін.

Шарттық-құқықтық база

Дипломатиялық қатынастардың 30 жылында қатынастардың кең ауқымы бойынша стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға ықпал ететін берік шарттық-құқықтық база құрылды, барлығы 30-ға жуық мемлекетаралық, үкіметаралық және ведомствоаралық шарттарға қол қойылды.

Жарияланған күні

09 қазан 2019

Жаңарту күні

07 сәуір 2023

Қызмет бағыты