Қазақстан Республикасы мен Ирландия арасындағы қатынастар

Жалпы мәліметтер

Дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 10 сәуірде орнатылды.

Ирландияның Қазақстандағы Елшісі – Б.Макэлдафф (резиденциясы Мәскеуде орналасқан).

Қазақстанның Ирландиядағы Елшісі – М.Ілиясов (резиденциясы Лондонда орналасқан).

Саяси ынтымақтастық

2020 жылғы шілдеде Президент Қ.Тоқаевтың Ирландия Премьер-министрі Л.Варадкармен телефон арқылы сұхбаты өтті.

2019 жылғы желтоқсанда Сыртқы істер министрі М.Тілеуберді Мадридтегі «Азия–ЕО» форумы аясында Ирландия Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі С.Ковенимен кездесті.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

2023 ж. Қазақстан мен Ирландия арасындағы тауар айналымының көлемі 236,3 млн. АҚШ долларға жетті (экспорт – 1,7 млн., импорт – 234,6 млн.). 2022 ж. тауар айналымының көлемі 189,3 млн. долларды құрады. 

2005 ж. бастап 2023 ж. 3 тоқсанына дейінгі кезеңде Ирландиядан Қазақстанға тікелей инвестициялардың ағыны 131 млн. АҚШ долл. құрады.

Жарияланған күні

15 наурыз 2022

Жаңарту күні

13 наурыз 2024

Қызмет бағыты