Қазақстан Республикасы мен Норвегия Корольдігі арасындағы қатынастар

Жалпы мәліметтер

Дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 5 маусымда орнатылды.

Қазақстанның Норвегиядағы Елшісі – Ә.Тұрсынов.

Норвегияның Қазақстандағы және Орталық Азия елдеріндегі Елшісі Дж.Квистад (резиденциясы Ослода орналасқан).

Саяси ынтымақтастық

Президент Н.Назарбаев 2001 ж. 2-4 сәуірде Норвегияға ресми сапармен барды.

Норвегия Премьер-Министрі К.Бондевик 2004 ж. 25-26 мамырда Қазақстанға ресми сапармен келді.

2010 ж. Норвегияның Мұрагер Ханзадасы Хокон Магнус Қазақстанға келді.

Қазақстан мен Норвегия Сыртқы істер министрліктері арасында саяси консультациялар механизмі жұмыс істейді. Консультациялардың 3-раунды 2020 жылы бейнеконференция форматында өткізілді.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

2023 ж. екіжақты тауар айналымы – 124 млн. АҚШ долларына жетті (экспорт – 2,9 млн., импорт – 121 млн.). 2022 ж. тауар айналымының көлемі 117 млн. долларды құрады. 

2005 бастап 2023 жылдың 3 тоқсанына  дейінгі кезеңінде Норвегиядан тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі 1,6 млрд. АҚШ долларын құрады.

 

Жарияланған күні

15 наурыз 2022

Жаңарту күні

13 наурыз 2024

Қызмет бағыты