Қазақстан Республикасы мен Исландия арасындағы қатынастар

Жалпы мәліметтер

Дипломатиялық қатынастар 2004 ж. 14 мамырда Нью-Йоркте Бірлескен коммюникеге қол қою арқылы орнатылды.

Исландияның Қазақстандағы Елшісі – А.Сигурдссон (резиденциясы Мәскеуде орналасқан).

Қазақстанның Исландиядағы Елшісі М.Ілиясов (резиденциясы Лондонда орналасқан).

Саяси ынтымақтастық

Халықаралық ұйымдар, атап айтқанда БҰҰ және ЕҚЫҰ шеңберінде байланыстар орнатылған.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

2023 ж. Қазақстан мен Исландия арасындағы тауар айналымы 8,7 млн. АҚШ долларды құрады (экспорт – 138,4 мың, импорт – 8,5 млн.). 2022 жылғы тауар айналымының көлемі – 3,7 млн. 

2005 ж. бастап 2023 ж. 3 тоқсанына дейінгі кезеңде Исландиядан Қазақстанға тікелей инвестициялардың ағыны 2,9 млн. АҚШ долларды құрады.

 

Жарияланған күні

15 наурыз 2022

Жаңарту күні

13 наурыз 2024

Қызмет бағыты