Қазақстанда шетелдіктерге арналған электрондық кіру рұқсаты енгізіледі

Қазақстанда шетелдіктерге арналған электрондық кіру рұқсаты енгізіледі

2026 жылғы 1-ші қарашадан бастап Қазақстанға визасыз режиммен келетін шетелдіктер үшін QazETA электрондық рұқсатын кезең-кезеңімен енгізу басталды. Алғашқы кезеңде аталған құжат Ақтау қаласының әуежайында, сондай-ақ Павлодар облысындағы «Үрлітөбе», Жамбыл облысындағы «Аухатты», Түркістан облысындағы «Атамекен» және Жетісу облысындағы «Нұрлы жол» автомобиль өткізу пункттерінде тексерілетін болады. Бұл ретте әзірге рұқсаттың болмауы елге кіруден бас тартуға негіз болмайды.

Кейіннен жүйе 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Астана және Алматы қалаларының әуежайларында, ал 2027 жылғы 1 наурыздан бастап қалған өткізу пункттерінде енгізіледі. 2027 жылғы 1 шілдеден бастап электрондық рұқсаттың болуы міндетті болады. Осы күннен бастап рұқсаттың болмауы елге кіруден бас тартуға негіз болуы мүмкін.

QazETA рұқсатын сапарға шығудан кемінде 72 сағат бұрын онлайн режимде рәсімдеу қажет. Рұқсат тегін беріледі. Оны 16 жасқа дейінгі балалар, 65 жастан асқан адамдар, Қазақстан визалары мен тұрақты тұруға рұқсаты бар тұлғалар және басқа санаттағы саяхатшылар QazETA алудан босатылады. Сонымен қатар, QazETA визаны алмастырмайды және Қазақстанда болу мерзімдерін өзгертпейді.

Жаңа қағидалар көші-қон бақылауы жүйесін жаңартуды және шетелдіктерді цифрлық есепке алуды да көздейді.

Толық ақпарат алу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасына иммигранттардың келу және онда болу, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кету қағидаларын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына кіруге тыйым салынған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды көші-қон бақылауын жүзеге асыру және есепке алу қағидаларын бекіту туралы» қаулысымен танысуды ұсынамыз.

Жарияланған күні

03 қараша 2026

Жаңарту күні

03 қараша 2026