Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңесі мүшелерін аккредиттеу үшін өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы хабарландыру

Көру саны:20
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңес мүшелерін аккредиттеу үшін өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы хабарлайды.
Қатысуға ниет білдірген кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдар келесі құжаттарды ұсынуы қажет:
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 799 қаулысымен бекітілген Кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді жүргізу қағидаларына, аккредиттеуді жою негіздері мен тәртібіне сәйкес нысан бойынша өтініш;
- салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, құрылтай құжаттарының және заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) мемлекеттік (есептік) тіркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері;
- бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетілген бірлестік және (немесе) ұйым мүшелерінің тізімі.
Аккредиттелген кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері Министрлік жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңес қызметі шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделеріне әсер ететін нормативтік құқықтық актілер жобаларына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының жобаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниет білдірген халықаралық шарттарға сараптама жүргізу құқығына ие болады.
Министрлікте аккредиттеуге үміткер бірлестіктер мен ұйымдар осы хабарландыру жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жоғарыда көрсетілген құжаттар топтамасын келесі мекенжай бойынша ұсынады:
Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 55/21, блок С 4.2, Сыртқы істер министрлігі Инвестиция комитетіне және a.altybasarov@mfa.gov.kz электрондық поштаға ұсынады.
Анықтама телефоны: 983-647.
31 наурыз 2026
31 наурыз 2026