Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде берілетін визалар
Көру саны:178
ҚР СІМ Консулдық қызмет департаменті және ҚР СІМ Алматы қаласындағы Өкілдігі Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне дипломатиялық және қызметтік визаларды беруді, ұзартуды және қалпына келтіруді жүзеге асырады.
Төменде көрсетілген санаттағы визалар вербалды нота (сапар мақсаттары немесе туыстық байланыстары туралы ақпарат) және кесте-шақыру негізінде ресімделеді ("А2" және "А4" санаттары үшін, шақырылатын адамның тағайындалған лауазымын, ал ротация жағдайында, ол ауыстырған қызметкердің лауазымын, тегін және атын көрсету қажет).
Виза алушылар:
- шет мемлекеттердің, үкіметтердің, дипломатиялық мәртебеге теңестірілген халықаралық ұйымдардың басшылары мен олардың отбасы мүшелері;
- шет мемлекеттердің парламенттерінің, үкіметтерінің, дипломатиялық мәртебеге теңестірілген халықаралық ұйымдардың мүшелері мен олардың отбасы мүшелері – дипломатиялық паспорт иелері, сондай-ақ ресми шетелдік делегациялар мүшелері мен олармен бірге жүретін адамдар – дипломатиялық паспорт иелері;
- Қазақстан Республикасының құрметті консулдары мен олардың отбасы мүшелері;
- Қазақстан Республикасына қызметтік сапармен жіберілетін дипломатиялық паспорттардың, сондай-ақ дипломатиялық агенттерге теңестірілген мәртебесі бар халықаралық ұйымдар паспорттарының иелері;
- дипломатиялық поштаны тасымалдайтын дипломатиялық курьерлер – курьерлік парағы болған кезде дипломатиялық паспорттардың иелері.
Визаның мәртелігі мен қолдану мерзімі:
- бір мәртелік 90 тәулікке дейін, виза қолданылуының барлық кезеңіне;
- көп мәртелік 1 жылға дейін, виза қолданылуының барлық кезеңіне.

- Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетелдік дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдердің дипломатиялық агенттері;
- шетелдік консулдық мекемелердің консулдық лауазымды адамдары, халықаралық ұйымдар мен өкілдіктердің Қазақстан Республикасына жұмысқа жіберілетін қызметкерлері;
- Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің құрметті консулдары мен олардың отбасы мүшелері.
Визаның мәртелігі мен қолдану мерзімі:
- бір мәртелік 90 тәулікке дейін, виза қолданылуының барлық кезеңіне;
- көп мәртелік 180 тәулікке дейін, виза қолданылуының барлық кезеңіне.
Виза алушылар:
- ресми шетелдік делегация мүшелері, олармен бірге жүретін адамдар және олардың отбасы мүшелері;
- Қазақстан Республикасына жіберілетін (ҚР СІМ Коммуникациялар Департаментімен келісу бойынша) және Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері;
- Қазақстан Республикасына қызметтік сапармен жіберілетін шет мемлекеттердің әскери қызметкерлері;
- «A2» және «А4» санаттарындағы визаға үміткер адамдардың қамқорлығындағы адамдар;
- дипломатиялық агенттерге теңестірілген мәртебесі жоқ халықаралық ұйымдар паспорттарының иелері, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда жұмыс істейтін, ұлттық паспорт иелері мен олардың отбасы мүшелері;
- Қазақстан Республикасына қызметтік сапармен жіберілетін қызметтік паспорттар иелері;
- егер дипломатиялық паспорттары болмаса және курьерлік парағы болған кезде, дипломатиялық пошта тасымалдайтын дипломатиялық курьерлер;
- шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің, халықаралық ұйымдардың және олардың өкілдіктерінің, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына іссапарға жіберілетін адамдар;
- ғарыш кеңістігіне ұшу үшін Қазақстан Республикасына баратын және ғарыш кеңістігінен Жерге оралатын ғарышкерлер мен астронавтар.
Визаның мәртелігі мен қолдану мерзімі:
- бір мәртелік 90 тәулікке дейін, виза қолданылуының барлық кезеңіне;
- көп мәртелік 1 жылға дейін (ғарышкерлерге мен астронавттарға 3 жылға дейін), виза қолданылуының барлық кезеңіне.
Виза алушылар:
- әкімшілік-техникалық және дипломатиялық өкілдіктер персоналына қызмет көрсететін мүшелер;
- халықаралық ұйымдардың немесе олардың өкілдіктерінің қызметкерлері;
- Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің консулдық мекемелері персоналына қызмет көрсететін консулдық қызметшілер, қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелері.
Визаның мәртелігі мен қолдану мерзімі:
- бір мәртелік 90 тәулікке дейін, виза қолданылуының барлық кезеңіне;
- көп мәртелік 180 тәулікке дейін, виза қолданылуының барлық кезеңіне.
Виза алушылар:
- Қазақстан Республикасына жеке істер бойынша келетін адамдар;
- растайтын құжаттар бар болған кезде Қазақстан Республикасына жақын туыстарының/жақындарының жерлеуіне немесе ауырған жағдайда бара жатқан адамдар;
- Қазақстан Республикасының азаматтарымен Қазақстан Республикасына бірге кіретін жұбайлары, балалары (оның ішінде асырап алынған балалары) немесе ата-аналары (қорғаншылары, қамқоршылары)(туыстығын растайтын құжаттар болған кезде);
- этникалық қазақтармен Қазақстан Республикасына бірге кіретін (этникалық қазақ болып саналмайтын) жұбайлары, балалары.
Визаның мәртелігі мен қолдану мерзімі:
- бір мәртелік 90 тәулікке дейін, виза қолданылуының барлық кезеңіне;
- көп мәртелік 180 тәулікке дейін, әрбір кіру кезінде болу мерзімі 90 тәуліктен артық емес;
- көп мәртелік (бұрынғы отандастар) - 3 жылға дейін, әрбір кіру кезінде болу мерзімі 90 тәуліктен артық емес.