ҚР СІМ-нің Ішкі аудит қызметі 2020 жылғы І-ші жартыжылдықта жүргізген мемлекеттік аудит нәтижелері туралы ақпарат

Ішкі аудит қызметі 2020 жылдың бірінші жарты жылдығында 3 шетелдік мекемеде тиімділік және сәйкестік аудитін жүргізді.

         2015 мен 2019 жылдар кезеңінде аудитпен қамтылған қаражатың көлемі 5 036 979,74 мың теңгені құрады.

         Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша жалпы  442 874,6 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:

         - 7 513,1 мың теңге  қаржылық бұзушылықтар;

- рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар 435 361,5 мың теңге.

Аудит нәтижелері бойынша Республикалық бюджеттің кірісіне   2 743,2 мың теңге  қаражат қайтарылды, 942,4 мың теңге - есепке алу бойынша қалпына келтіріліп, сәйкестелінді.

Анықталған бұзушылықтардан:

- 381 933,9 мың теңге рәсімдік бұзушылықтарға (бюджеттік, бухгалтерлік, салық заңнамалары, жүйелі проблемалар мен нормативтердегі олқылықтар және т.б.) жол берілген;

- мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану - 58 638,5 мың теңге;

- бюджеттің кіріс бөлігінде, оның ішінде консулдық алымдарды бюджетке аудару мерзімін сақтамау 2 302,2 мың теңге.

Анықталған бұзушылықтардың негізгі үлесі бюджет қаражатын пайдалану кезінде, бухгалтерлік есепті жүргізу, қаржылық есептілікті жасау кезінде, кассалық операцияларды есепке алу және жүргізу тәртібін бұзу, жалақыны артық төлеу/негізсіз төлеу, бастапқы бухгалтерлік құжаттаманы ресімдеу кезінде, активтер мен қорларды есепке алу кезінде заңнама бұзушылықтарын құрайды, шығындарды жоспарлау кезінде есептеулердің шамадан тыс артуы, бюджеттік өтінімдерге негіздеуші құжаттардың болмауы, сондай-ақ активтерді тиімсіз пайдалану және т.б.

Өткізілген аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша 2020 жылдың бірінші жарты жылдығында 1 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Аудит материалдары бір объект бойынша процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жіберілді.

Жарияланған күні

27 шілде 2020

Жаңарту күні

27 шілде 2020