ҚР СІМ Ішкі аудит қызметінің 2020 жылғы 1 тоқсанда жүргізген мемлекеттік аудит нәтижелері туралы ақпарат

Ішкі аудит қызметі 2020 жылдың бірінші тоқсанында 2 шет елдегі мекемеге тиімділік және сәйкестік аудитін өткізді.

2015 мен 2019 жылдар кезеңінде аудитпен қамтылған қаражат көлемі 4 511 108,2 мың теңгені құрады.

Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша 441 438,3 мың теңге болатын бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:

 - қаржылық бұзушылықтар 6 771,9 мың теңге сомасында;

 - рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар 434 666,4 мың теңге сомасында;

Аудит нәтижелері бойынша республикалық бюджеттің кірісіне 3 117,2 мың теңге сомасында қаражат өтелді, есеп бойынша 349,3 мың теңге қалпына және сәйкес келтірілді.

 Анықталған бұзушылықтарда:

 - 373 725,7 мың теңге бюджет қаражатын пайдалану кезінде, соның ішінде бухгалтерлік, бюджеттік есепті енгізу, қаржылық, бюджеттік есептілікті жасау, кассалық операцияларды жүргізу және есепке алу тәртібін бұзу, артық төлеу/негізсіз жалақы төлеу, бастапқы бухгалтерлік құжаттаманы ресімдеу, активтер мен қорларды есепке алу кезінде заңнама бұзылған; шығыстарды жоспарлау кезінде есептеулер асыра көрсетілген, сондай-ақ бюджеттік өтінімдерге негіздеуші құжаттар болмаған және т. б.;

 - мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану - 58 638,5 мың теңге;

 - бюджеттің кіріс бөлігін, соның ішінде 2 302,2 мың теңге болатын консулдық алымдарды бюджетке аудару мерзімі сақталмаған.

Анықталған бұзушылықтардың негізгі үлесін бюджет қаражатын пайдалану кезінде заңнаманың, бухгалтерлік есепті жүргізу тәртібінің бұзушылықтары, бюджеттік өтінімдерге есептеулердің асыра көрсетілуі, сондай-ақ активтерді тиімсіз пайдалану құрайды.

Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша 2020 жылдың 1- тоқсаны ішінде бір лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жарияланған күні

16 маусым 2020

Жаңарту күні

16 маусым 2020