"Шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № 11-1-4/227 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м. а. 2023 жылғы 17 мамырдағы № 11-1-4/230 бұйрығын қабылдау мақсаттары туралы түсіндіру

Бұйрық "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды, ақпараттық қауіпсіздікті және білім беруді дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"2022 жылғы 14 шілдедегі Заңға сәйкес келтіру мақсатында қабылданды. Атап айтқанда, "неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодекстің 178-бабында Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктерді беру жөніндегі жаңа құзыреті көзделген.

Осыған байланысты, бұйрық шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелерін жаңа мөлшерлемелермен толықтыруды көздейді.

Өзгерістермен мына сілтеме бойынша танысуға болады: http://10.61.42.188/rus/docs/V2300032530#z7

 

Жарияланған күні

20 маусым 2023

Жаңарту күні

20 маусым 2023