Үкіметтің Заң жобалау жұмыстары жоспарының орындалу, басым заң жобаларын, сондай-ақ Президенттің тапсырмаларынан туындайтын заң жобаларын дайындау, заң жобаларының Үкіметте және Парламентте өту барысы туралы ақпарат (2023 ж. қаңтар айы бойынша)
Жарияланған күні: 01 наурыз 2023
Жаңарту күні: 01 наурыз 2023
Көру саны:27
Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 24 мамырдағы № 582 Жарлығымен бекітілген Заң шығару жұмысының 2021-2026 жылдарға арналған тұжырымдамалық жоспары (Қазақстан Республикасы Парламентінің жетінші шақырылымы) және ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 1092 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2023 жылға арналған жоспарында ҚР СІМ-ге бекітілген заң жобаларын және өз бастамасы бойынша заң жобаларын әзірлеу көзделмеген.