Құжаттарды заңдастыру

♦ Құжаттарды заңдастыру құжаттарды басқа мемлекетте пайдалану мақсатында лауазымды адамның қойған қолы мен құжаттардағы мөрдің төлнұсқалығын белгілеу және куәландыру болып табылады.

Құжаттарды заңдастыруды:

♦ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде – Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері;

♦ Қазақстан Республикасының аумағында – ҚР Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті (Астана қ.), ҚР Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігі жүзеге асырады.