Артқа

Ермұхамбет Болатпекұлы Қоныспаев

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары

Жалпы ақпарат, білімі

1976 жылы 8 қазанда Алматы қаласында туған.

1998 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, 2000 жылы Рейн-Вестфалия техникалық университетін бітірген.

Мансап

Дипломатиялық мансабын 2001 жылы ҚР СІМ Екіжақты ынтымақтастық департаментінің атташесі қызметінен бастаған.

2002 ж. –Германия Федеративтік Республикасындағы ҚР Елшілігінің атташесі

2002-2003 жж. - ҚР СІМ Еуропа және Америка департаментінің үшінші хатшысы

2003-2007 жж. - Аустрия Республикасындағы ҚР Елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы, екінші хатшысы

2008 ж. - ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің бас консультанты

2008-2014 жж. - Германия Федеративтік Республикасындағы ҚР Елшілігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі

2014-2017 жж. - ҚР СІМ Сыртқы экономикалық саясат департаменті директорының орынбасары

2017-2019 жж. - ҚР СІМ Еуразиялық интеграция департаментінің директоры

2019-2022 жж. – ҚР-дың Майндағы Франкфурт қаласындағы (ГФР) Бас консулы

2022 жылдың сәуірінен бастап Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары.

Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежеге ие.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Үйленген, үш баласы бар.

Жаңарту күні: