Заманауи қазақ әдебиетінің қос антологиясы

Жоба туралы

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының бір бағыты –  «Жаһандағы  заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында заманауи қазақ әдебиетінің қос антологиясы  аударылып, жарық көрді. Олар – «Заманауи қазақ прозасының антологиясы» және «Заманауи қазақ поэзиясының антологиясы». Әр антологияның көлемі – шамамен 500 беттей, әрқайсысына 30 қазақстандық автордың таңдамалы шығармасы енді.

Антологияларды ағылшын тіліне аударып, баспадан шығару бойынша стратегиялық серіктес – Британия Кеңесі. Олар  жобаға сарапшылық қолдау көрсетті. Ал, ең басты серіктес  – Кембридж университетінің баспасы (Сambridge University Press) Ұлттық аударма бюросымен бірге жолма-жол аударманы әдеби өңдеу, баспаға дайындау, басып шығару, сондай-ақ басылымдарды ағылшынтілді елдерде тарату, жеткізу және насихаттау бойынша кешенді жұмыстарды атқарды.