Ыстық тамақпен қамтамасыз ету

          Марқакөл ауданы бойынша 18 мектепте оқушылар ыстық тамақпен қамтамасыз етілуде. 1-4 сынып аралығында 473, 5-9 сынып арасында 363, 10-11 сынып арасында 54 оқушы. 1-4 сынып аралығындағы оқушылар толығымен, ал 5-11 сынып аралығында әлеуметтік осал топтағы оқушылар ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Әлеуметтік осал топтағы оқушылардың әлеуметтік статусын растайтын құжаттары әлеуметтік педагог арқылы жинақталып отырады. Осы арқылы бұйрық негізінде оқушылар ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.

Жарияланған күні

30 қазан 2024

Жаңарту күні

30 қазан 2024

Қызмет бағыты