Комиссия құрамына өзгерістер енгізу туралы

Комиссия құрамына

өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 19-бабына сәйкес Бейнеу аудандық сайлау комиссиясыҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Бейнеу ауданы бойынша №127 учаскелік сайлау комиссиясының құрамына Боранқұл ауылы әкімінің сайлауын әзірлеу және өткізу кезеңі барысында мынадай өзгерістер енгізілсін:

1.1) №127 учаскелік сайлау комиссиясының құрамынан шығарылсын:

Комиссия төрағасы Сиық Айтбай Сиықұлы – өз өтініші бойынша;

1.2) №127 учаскелік сайлау комиссиясының құрамына енгізілсін:

Комиссия мүшесі етіп Мырзатаева Фариза Орынбасаровна 1988 жылы туған, қазақ, білімі жоғары, «Боранқұл жалпы білім беретін мектеп» КММ, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары;

1.3) №127 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Шойқараев Айдарбек Асқарұлы комиссия төрағасы болып өзгертілсін;

2. Қаулы учаскелік сайлау комиссиясына жолдансын;

3. Қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Төраға А.Келбетов

Жарияланған күні

29 маусым 2022

Жаңарту күні

29 маусым 2022

Қызмет бағыты