Бейнеу ауданының Боранқұл ауылы әкімінің сайлауын тағайындау туралы
Жарияланған күні: 25 маусым 2022
Жаңарту күні: 25 маусым 2022
Көру саны:29
Бейнеу ауданының Боранқұл ауылы әкімінің сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Бейнеу аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2022 жылғы 24 шілдеге Бейнеу ауданының Боранқұл ауылы әкімінің сайлауы тағайындалсын;
- 2022 жылғы 24 шілдеге тағайындалған Бейнеу ауданының Боранқұл ауылы әкімінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы Бейнеу аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде, аудандық «Рауан» газетінде жариялансын.
Төраға А.Келбетов