Бейнеу ауданының Төлеп ауылы әкімінің сайлау нәтижелері туралы хабарлама

Хабарлама

06 наурыз 2022 жыл Бейнеу ауданының Төлеп ауылы әкімінің сайлауы өтті.

Бейнеу аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Бейнеу ауданының Төлеп ауылы әкімінің сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Төлеп ауылы

Төлеп ауылы бойынша сайлаушылар тізіміне 582 сайлаушы енгізілді, олардың 359-сы дауыс беруге қатысты. Жарамсыз бюллетеньдер саны-18, «Барлығына қарсы» бағаны белгіленген бюллетень 16.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Есмаганбетов С.М.-55, Кукшеев С.С.-28. Сейилханов А.С.-242.

Төлеп ауылы әкімі болып Сейилханов Арыстан Саришанович сайланды, 1973 жылы туған, «Төлеп ауылы әкімінің аппараты» ММ, бас маман. Бейнеу ауылында тұрады, «Aq jol» ҚДП партиясынан ұсынылған.

Жарияланған күні

07 наурыз 2022

Жаңарту күні

07 наурыз 2022

Қызмет бағыты