Бейнеу ауданының Төлеп ауылы әкімін сайлау бойынша сайлау округін құру туралы
Жарияланған күні: 05 ақпан 2022
Жаңарту күні: 06 ақпан 2022
Көру саны:13
БЕЙНЕУ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ
ҚАУЛЫСЫ
05.02.2022 жылғы №2 Бейнеу ауылы
Бейнеу ауданының Төлеп ауылы әкімін сайлау бойынша сайлау округін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14- бабының 6) тармақшасына, 21 бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Бейнеу аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Бейнеу ауданының Төлеп ауылы әкімін сайлау үшін сайлау округі құрылсын:
- Төлеп ауылы әкімінің аппараты – Төлеп сайлау округі Төлеп ауылының шекараларында;
- Сайлау округтерінің тізімі олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан орны көрсетіле отырып, Бейнеу аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде, аудандық «Рауан» газеттерінде жариялансын.
Бейнеу аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы А.А.Келбетов
Бейнеу аудандық сайлау
комиссиясының хатшысы Г.Ж.Қалданова