Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ
Дата публикации: 12 октября 2021
Дата обновления: 12 октября 2021
Количество просмотров:94
Маңғыстау облысы
Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясының
ҚАУЛЫСЫ
Жаңаөзен қаласы № 19 « 09 » қазан 2021 жыл
Жаңаөзен қаласы Кендірлі ауылы әкімінің
сайлауын тағайындау туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес, Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Жаңаөзен қаласы Кендірлі ауылы әкімінің сайлауы 2021 жылдың 07 қарашасына тағайындалсын.
- Жаңаөзен қаласы Кендірлі ауылы әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы қаулының келісілген қосымшасымен бекітілсін.
- Осы қаулы Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясының интернет-бетшесінде және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Жаңаөзен қалалық сайлау
комиссиясының төрағасы Б. Базылов
Жаңаөзен қалалық сайлау
комиссиясының хатшысы Т. Тажибаева