Жастар саясаты

Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы  облыс аумағында мемлекеттік жастар саясатын іске асыратын мемлекеттік орган.  Басқарма өңір жастарының жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау, олардың білімді, бәсекеге қабілетті және белсенді азамат ретінде қалыптасуына жағдай жасауды басты мақсат ретінде белгіледі.

Міндеттері:

  • Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бойынша ақпараттық насихаттау және түсіндіру жұмысын үйлестіру;
  • Жастарды әлеуметтік – экономикалық және қоғамдық – саяси өмірге тарту;
  • Облыс көлемінде мемлекеттік жастар саясаты бойынша іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді;
  • Жастар арасында құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың, лудоманияның және басқа да әлеуметтік келеңсіз құбылыстардың алдын алу;
  • Жастардың шығармашылық, интеллектуалдық, мәдени, спорттық әлеуетін дамытуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру;
  • Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс пен гранттық жобаларды іске асыру арқылы жастар бастамаларын қолдау;
  • Жастар ресурстық орталықтарының қызметін үйлестіру.
Жарияланған күні

29 шілде 2026

Жаңарту күні

29 шілде 2026

Қызмет бағыты