Облыс әкімінің 2023 жылғы желтоқсан айында өткен азаматтарды қабылдауы жөніндегі ақпарат

Регламентке сәйкес жүргізілетін ай сайынғы қабылдау барысында желтоқсан айында облыс әкімі 2 қабылдау (27-28 желтоқсан) өткізіп, жалпы саны 25 азаматты жеке қабылдады.  

Қабылдау барысында:

1) Жұмыссыздық мәселесін көтерген азаматтар саны – 10;

2) Тұрғын үймен қамту және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мәселелері - 7;

3) Жер беру және инфрақұрылыммен қамтуға қатысты мәселе  – 2 азамат;  

4) Әлеуметтік қолдау және қамту мәселесі – 2 азамат;

5) Денсаулық сақтау жүйесі жөнінде – 1 азамат;

6) Ауыл шаруашылық қолдау шараларына байланысты – 1 азамат;

7) Құқық қорғау органдарының әрекетсіздігіне байланысты – 1 азамат;

8) өзге жеке сипаттағы – 1 азаматтың мәселелері тыңдалып, қаралды.

Қабылдау қорытындылары бойынша хаттамалық тапсырмалар әзірленіп,  тиісті орындаушы жауапты мекемелерге жолданды. Орындалу барысы бақылауда.

 

 

Жарияланған күні

29 желтоқсан 2023 18:00

Жаңарту күні

29 желтоқсан 2023