Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының хабарламасы

Маңғыстау облысынан Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттыққа ниет білдірген  5 өтініш келіп түсті:

  1. Алдашев Сүйіндік Тасеменұлы, 1963 жылы туылған, «Қаражанбасмұнай» АҚ бірінші вице-президенті, Ақтау қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен және мәслихат сессияларымен -

 - Қарақия аудандық мәслихаты (15.06.2020   №41/412 Шешімімен);

-  Мұнайлы аудандық  мәслихаты (15.06.2020 №55/507 Шешімімен).

  1. Байжігіт Ербол Бердібайұлы, 1981 жылы туылған, «Азаматтарға арналған үкімет» Маңғыстау облысы бойынша филиалының директоры, Ақтау қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
  2. Илмұханбетова Шолпан Лазарқызы, 1974 жылы туылған, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директорының экономика және қаржы бойынша орынбасары, Ақтау қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну  тәртібімен.
  3. Орынбасаров Бекбол Тілеумұратұлы, 1971 жылы туылған,   «Арнайы экономикалық аймақ «Ақтау теңіз порты» АҚ Басқармасының төрағасы, Ақтау қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
  4. Тілепов Нұрлан Серікұлы, 1978 жылы туылған, «Кардиология және ішкі аурулар медициналық орталығы» ЖШС директоры, Ақтау қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.

Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясына  кандидаттарды ұсыну кезеңінде сайлау заңдылықтарын түсіндіруге, сайлау заңдылықтарына бұзушылықтарға, сайлау комиисиясының әрекет етуіне (әрекет етпеуіне) өтініштер түскен жоқ.

Жарияланған күні

12 шілде 2020 00:00

Жаңарту күні

12 шілде 2020

Бағыттар