Маңғыстау облысы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) туралы ЕРЕЖЕ
Маңғыстау облысы
әкімі аппараты басшысының
2020 жылғы «____» __________
№ _____ бұйрығына
3-қосымша
Маңғыстау облысы әкімі аппаратының
персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) туралы
ЕРЕЖЕ
- Жалпы ережелер
- Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) (бұдан әрі – ПБҚ) Маңғыстау облысы әкімі аппаратының (бұдан әрі – Аппарат) құрылымдық бөлімшесі болып табылады және Аппаратты және облыстық басқармаларды кадрлық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
- ПБҚ өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңын (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің мемлекеттік қызмет саласындағы актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, облыс әкімдігінің және әкімінің актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
- ПБҚ 6 бірліктен тұрады:
1) басшы;
2) үш бас инспектор;
3) екі бас маман.
- ПБҚ құрылымы, штат саны облыс әкімі аппараты басшысының бұйрығымен бекітіледі.
- ПБҚ-ның негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
- ПБҚ міндеті: Аппарат пен облыстық басқармалардың персоналды басқарудың тұтас жүйесін қалыптастыру.
Функциялары:
1) Аппараттың персоналды басқару стратегиясын әзірлеу және іске асыру;
2) Аппарат пен облыстық басқармалардың кадрларға, оның ішінде мамандықтар мен біліктіліктер бойынша қажеттілігін талдау және жоспарлау;
3) Аппараттың және облыстық басқармалардың кадрлық құрамын қалыптастыру, Аппараттың және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурстық іріктеуді ұйымдастыру және өткізу;
4) Аппарат кадрларының мониторингі және кадрлық іс жүргізуді, оның ішінде «е-қызмет» ақпараттық жүйесі арқылы жүргізу.
- ПБҚ міндеті: Аппарат пен облыстық басқармалардың персоналды басқарудың тұтас жүйесі шеңберінде мемлекеттік қызметті өткеруді қамтамасыз ету.
Функциялары:
1) Аппаратта және облыстық басқармаларда кәсіби бейімделу мен тәлімгерлікті ұйымдастыру;
2) Аппарат және облыстық басқармалар кадрларының кәсіби дамуын, оның ішінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметшілерді тағылымдамалардан өткізуді, даярлауды, қайта даярлауды, біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жолымен қамтамасыз ету;
3) конкурстық, тәртіптік, аттестаттау және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
4) мемлекеттік қызметке кіру, мемлекеттік қызметті өткеру және тоқтату, қызметтік тергеп-тексеру жүргізу, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалау, аттестаттау және оқыту рәсімдерінің сақталуын, оның ішінде «е-қызмет» ақпараттық жүйесінде сақталуын қамтамасыз ету;
5) кадрларды іріктеуді ұйымдастыру, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдеу, мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін есепке алуды жүзеге асыру, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне бағалау жүргізуді ұйымдастыру.
- ПБҚ міндеті: Корпоративті мәдениетті қалыптастыру және Аппаратта қолайлы әлеуметтік-психологиялық еңбек климатын дамыту.
Функциялары:
1) Аппаратта еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету, еңбек режимі мен жағдайларының сақталуын, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету;
2) мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету, Аппарат актісімен бекітілетін мемлекеттік қызметшілерді көтермелеуді қолдану тәртібін әзірлеу.
- ПБҚ Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында айқындалатын персоналды басқару бойынша өзге де міндеттер мен функцияларды іске асырады.
ПБҚ-ға оның қызметіне тән емес қосымша міндеттер мен функциялар жүктелмейді.
- Негізгі міндеттерді іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында ПБҚ өз құзыреті шегінде:
1) құзыреті шегінде барлық жергілікті мемлекеттік органдардың, Аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің ақпараттық деректер банкін пайдалануға;
2) осы Ережеге сәйкес құзыреті шегінде тексерулер жүргізуге;
3) өзіне заңмен және осы Ережемен жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді аппараттың басқа құрылымдық бөлімшелерінен, жергілікті және аумақтық органдардан сұратуға және алуға;
4) Аппарат басшысын тексерулердің тікелей нәтижелері және нақты орындалған жұмыстардың көлемі туралы хабардар етуге;
5) құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер беруге;
6) ПБҚ жұмысының бағыттарына сәйкес мәселелерді талқылау кезінде Кеңестер мен комиссиялардың жұмысына қатысуға;
7) облыс әкімі мен аппарат басшысының нұсқауына сәйкес қалалық, аудандық әкімдіктердің, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ПБҚ қызметінің бағыттарына қатысты мәселелер бойынша қызметіне тексеру жүргізуге;
8) жүктелген міндеттерге сәйкес ПБҚ жүргізілетін іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардың қызметкерлерін, аппарат қызметкерлерін тартуға;
9) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен өзара іс-қимыл жасауға;
10) ПБҚ-ға жүктелген міндеттер мен функцияларға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
- ПБҚ қызметін ұйымдастыру
- ПБҚ аппараттың басқа құрылымдық бөлімшелерінен дербес, облыс әкімі аппаратының басшысына тікелей бағынады.
- ПБҚ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.
- Басшы болмаған уақытта оның міндеттерін бас инспекторлардың бірі атқарады.
72