2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын

әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабының 3-1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабының 1) тармақшасына, 51-1, 66-1-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары (бұдан әрі – Күнтізбелік жоспар) бекітілсін.
  2. Күнтізбелік жоспар сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Қазақстан Республикасы астанасының сайлау комиссияларына жіберілсін.
  3. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

 

 

 

Төраға

Н. Әбдіров

 

Хатшы


М. Ерман

 

 

    

 

Астана қаласы,

2022 жылғы 22 қыркүйек

№ 65/538  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясының

2022 жылғы 22 қыркүйектегі                        №65/538 қаулысымен бекітілген

 

 

2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын

әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

күнтізбелік жоспары

 

 

1.     Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарды  ұсыну.

 

 

Республикалық қоғамдық бірлестіктердің жоғары органдары

Сайлау тағайындалған күннен кейінгі күні –2022 жылғы  23 қыркүйектебасталады және11 қазандажергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталады.

                                            (55-б., 66-1б.)

 

2.       Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабы 2, 3-тармақтарында, 41-бабы                2-тармағында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау.

 

 

Орталық сайлау комиссиясы.

Республикалық қоғамдық бірлестіктің жоғары органы отырысының  кандидатты ұсыну туралы хаттамасынан үзiндi көшірмені кандидаттың дауысқа түсуге келiсiмі туралы өтiнiшiмен және кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін куәландыратын  құжатпен бірге ұсынылған кезден бастап  бес күннің ішінде.

                                                                                  (54-б.)

 

3. Бұқаралық ақпарат құралдарында аумақтық сайлау комиссияларының құрамдарын жариялау.

 

 

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Республика астанасының сайлау комиссиялары.

Сайлау тағайындалғаннан кейiнон  күннен кешіктірмей-2022 жылғы 2 қазаннан кешіктірмей.

                                                                 (13-б. 4-т.)

 

         4. Бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау учаскелерінің шекараларын,  учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарын жариялау.

 

 

Тиісті әкімдер.

Аудандық, қалалық сайлау комиссиялары.

Сайлау тағайындалғаннан кейiнон бес күннен кешіктірмей–2022 жылғы 7 қазаннан кешіктірмей.

                                                                     (17-б. 2-т., 23-б.5-т.)

 

5. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу.

 

 

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің  ұсынуы бойынша.

Ұсыным келіп түскен сәттен басталып, дауыс беретін күнгебес күн қалғанда–2022 жылғы 14 қарашадажергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталады.

(20-2-б. 2-т., 3-т., 4-т.)

 

6.  Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және әрқайсысына тиісті куәлік беру.

 

 

 

Аумақтық сайлау  комиссиялары.

Сенім білдірілген адамдардың тізімдері тіркеу үшін берілген сәттен бастап.                                                                                                                                                              

                                                                        (14-б. 2-1) т.)

 

7. Қол қою парақтарын беру.

                           

 

Орталық сайлау комиссиясы.    

Кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейінбес күн мерзімнен кешіктірмей.

(56-б. 3-т.)

 

8. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты қолдап қойылған қолдардың растығын паспорт қызметінің қызметкерлерін қатыстыра отырып тексеру және Орталық сайлау комиссиясына жіберілетін тиісті хаттаманы ресімдеу.

                               

 

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, Республика астанасының сайлау комиссиялары.

Уәкілетті мемлекеттік органдар.

Қол қою парақтары тапсырылған күннен бастапон күн мерзімнің ішінде.

                                                                           (56-б. 7-т.)

 

9. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына 2022 жылғы                          1 қыркүйектегі жағдай бойынша активтері мен міндеттемелері туралы декларация тапсыру.

                               

 

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы).

Кандидат тіркелгенге дейін.     

(59-б. 2-т.)

 

10. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарды тіркеу.

 

 

Орталық сайлау комиссиясы.

Кандидаттар барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін басталады және2022 жылғы 21 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегіздеаяқталады.

                                                        (59-б. 1-т., 4-т., 5-т., 66-1-б.)

 

11. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында  жариялау.

                                 

 

Орталық сайлау комиссиясы.

Кандидаттар тіркелгеннен кейінгіжетінші күннен кешіктірмей.                                                                   

(59-б. 7-т. 1) т.)

 

12.  Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу.                         

       

 

Орталық сайлау комиссиясы.

Кандидат тіркелгеннен кейін.

                                                                                      (34-б. 6-т.)

13. Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) жариялаған активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру.

                                         

 

Мемлекеттік кіріс органдары.

Кандидат тіркелген күннен кейінон бес күннің ішінде.

(59-б. 2-т.)

 

14. Тиісті бұқаралық ақпарат құралдарының тіркелген Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарға эфирден және баспасөз бетінен орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді хабарлауы және жариялауы әрі оларды Орталық сайлау комиссиясына беруі.   

 

 

Бұқаралық ақпарат құралдары.

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу басталғанға дейінгі бес күннен кешіктірмей – 2022 жылғы 16 қазаннанкешіктірмей.

                                                                           (28-б. 3-т.)

 

15. Барлық кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу және оларды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандыру.

                                  

 

Жергілікті атқарушы органдар және тиісті аумақтық сайлау комиссиялары.

Сайлау тағайындалған сәттен бастап  2022 жылғы 21 қазанға дейін.

                                                                              (28-б. 6-т.)

 

         16. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу.

                                            

 

Тіркеу мерзімі аяқталған кезден2022 жылғы 21 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегіздебасталады және сайлау болатын күннің алдындағы күні жергілікті уақыт бойынша  нөл сағатта аяқталады(2022 жылғы 19 қарашада сағат нөлде аяқталады).

(27-б. 2-т., 66-1-б.)

 

         17. Бөлінген үй-жайда кандидаттардың сайлаушылармен кездесулерінің кестесін жасау және оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру.

 

 

Жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары.

Аумақтық сайлау комиссиялары.

Сайлау алдындағы үгітке дайындық барысында және сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде.

                                                                             (28-б. 4-т.)

 

18. Әрбір сайлау учаскесі бойынша тиісті әкім қол қойған сайлаушылар тізімдерін акт бойынша тиісті сайлау комиссиясына ұсыну.

 

                      Тиісті әкімдер.

                      Дауыс беретін күнгежиырма күн қалғанда–2022 жылғы

                      30 қарашада

(24-б., 5-т.)

 

19.   Сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну.

                                            

 

Учаскелік сайлау комиссиялары.

Дауыс беретін күнгеон бес күн қалғанда–2022 жылғы          4 қарашадан кешіктірмей.

                                                                         (26-б. 1-т.)

20. Жекелеген сайлау учаскелерінде, қажет болған жағдайда, дауыс беруді бастау мен аяқтаудың өзге уақытын белгілеу және ол туралы шешімді сайлаушыларға жеткізу.

                              

 

Аумақтық сайлау комиссиялары.

                                                                                      (38-б. 1-т.)

21. Дауыс беру уақыты мен орны туралы сайлаушыларды хабардар ету.

 

Учаскелік сайлау комиссиялары.

Дауыс беру өткізілетін  күнге дейінон күннен  

кешіктірмей –2022 жылғы 9 қарашадан кешіктірмей.

                       (38-б. 2-т.)

 

22.  Сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу.

                  

 

Аумақтық сайлау комиссиялары.

Сайлауға дейінгі үш күннен ерте емес және кемінде бір күн бүрын– 2022 жылғы 17 қарашадан ерте емес және          19 қарашадан кешіктірмей.

                                                                        (37-б. 3-т.)

 

23.  Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттаманы жасау.

                                            

  

Учаскелік сайлау комиссиялары.

Дауыс беру басталардан бір сағат бұрын.

                                                                             (40-б. 1-т.)

 

          24.   Дауыс беруді өткізу.

                                              

 

Учаскелік сайлау комиссиялары.

Сайлау күні,2022жылғы20 қарашада, егер дауыс берудің өзге уақыты белгіленбесе,жергілікті уақыт бойынша               07-00-ден 20-00 сағатқа дейін.

                                                                  (38-б. 1-т.)

 

         25.  Дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманы жасау.

 

 

Учаскелік сайлау комиссиялары.

2022 жылғы 20 қарашада, егер дауыс беру уақыты өзгермесе,  жергілікті уақыт бойыншажиырма сағаттабасталады және дауыстарды санау басталғаннан кейінон екі сағаттан асырмайжүргізіледі.

 (43-б.)

 

26. Хаттаманың көшірмесін жалпыжұрттың танысуы үшін сайлау учаскесінің үй-жайындағы арнайы белгіленген орынға ілу.

                                                 

 

Учаскелік сайлау комиссиялары.

 Хаттамаға қол қойылғаннан кейін –дереу.

.                                                                                 (43-б. 8-т.)

 

27. Сайлау учаскесінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманы тиісті аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссияларына тапсыру.

                                                   

 

Учаскелік сайлау комиссиялары.

 Хаттамаға қол қойылғаннан кейін –дереу.                   

                                                          (18-б. 8) т., 43-б.) 

 

         28. Аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссияларының дауыстарды санау нәтижелері туралы хаттамаларды облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және Республика астанасының сайлау комиссияларына тапсыруы.

 

Аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссиялары.

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін –дереу.

                                                                 (62-б. 1-т.)

 

29.  Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және Республика астанасының сайлау комиссияларының дауыстарды санау нәтижелері туралы хаттамаларды Орталық сайлау комиссиясына тапсыруы.

 

 

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Республика астанасының сайлау комиссиялары.

Хаттама жасалған күннен бастапекі күннен аспайтын мерзім ішінде –2022 жылғы 22 қарашадан кешіктірмейжолданады.

                                                                                  (62-б. 1-т.)

 

30.  Қазақстан Республикасы Президенті сайлауының қорытындыларын анықтау.

 

Орталық сайлау комиссиясы.

Сайлау өткізілгеннен кейінжеті күн мерзімненкешіктірмей –2022 жылғы 27 қарашаданкешіктірмей.

                                        (12-б. 10) т., 44-б. 1-т., 3-т., 65-б. 1-т.)

 

         31. Сайланған Қазақстан Республикасының Президентін тіркеу.

                                          

 

Орталық сайлау комиссиясы.

Сайлау өткізілген күннен бастапжеті күнмерзім ішінде –           2022 жылғы 27 қарашадан кешіктірмей.

                                                                  (45-б., 66-б. 1-т.)

 

         32. Қазақстан Республикасының Президентін сайлау қорытындылары туралы  хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

                                         

 

Орталық сайлау комиссиясы.

Сайлау өткізілген күннен бастапон күнненкешіктірмей –

2022 жылғы 30 қарашадан кешіктірмей.

(12-б. 10) т., 44-б. 4-т. 1) т.)

 

         33. Кандидаттардың сайлау қорларына түскен ақшаның жалпы сомасы және оның көздері туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

                                          

 

Орталық сайлау комиссиясы.

Сайлау қорытындылары  жарияланғаннан кейінон күнішінде.

                                                                         (34-б. 4-т.)

     

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының  нормаларына сілтемелер берілді.

Жарияланған күні

22 қыркүйек 2022 16:40

Жаңарту күні

22 қыркүйек 2022