Маңғыстау облысы әкімі аппаратының қаулысы
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 28 мамырдағы
№ 127 «Маңғыстау облысы әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы»
қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» заңдарына сәйкес, цифрландыруды дамыту және ақпараттық технологиялар бойынша функциялардың «Маңғыстау облысының цифрлық технологиялар басқармасы»
мемлекеттік мекемесіне берілуіне байланысты Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 28 мамырдағы № 127 «Маңғыстау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасындағы 17-тармағында:
22 абзац алынып тасталсын;
25 абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Маңғыстау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;».
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Маңғыстау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережесіне (әрі қарай – Ереже) өзгерістер енгізілсін.
- «Маңғыстау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (Н.Т. Тәжібаев) енгізілген өзгерістерді әділет органдарында тіркелуін қамтамасыз етсін және осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау «Маңғыстау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы Н.Т. Тәжібаевқа жүктелсін.
Маңғыстау облысының әкімі С. Трұмов
Результат подписания
12.08.2020 15:51:54 Трумов С. У.. Подписано
49
10 сәуір 2020 00:00
10 сәуір 2020