Маңғыстау облысы әкімдігінің 2006 жылғы 30 наурыздағы № 85 «Облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия құру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес және кадрлық өзгерістерге байланысты, Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Маңғыстау облысы әкімдігінің 2006 жылғы 30 наурыздағы № 85 «Облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия туралы» қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия құрамы жаңа редакцияда жазылсын және заңмен белгіленген тәртіппен облыстық мәслихаттың кезекті сессиясына бекітуге ұсынылсын;
осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия туралы Ереже жаңа редакцияда жазылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Р.К. Сәкеевке жүктелсін.
Маңғыстау облысының әкімі Е. Тоғжанов
7